26 желтоқсан 2018 | 15:26

52 адам қаза тапқан автобустың иесі Шымкентке жеткізілді

52 адам қаза тапқан автобустың иесі Өзбекстаннан Шымкентке экстрадицияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

52 адам қаза тапқан автобустың иесі Өзбекстаннан Шымкентке экстрадицияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Өзбекстаннан Ордухан Мехтиевті экстрадициялады. Ұсталған адам ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысында көлік құралының өртенуіне және 52 адамның қаза табуына әкеп соқтырған техникалық ақауы бар автобусты заңсыз пайдаланған деп күдік келтіріледі", - делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті көрші мемлекеттің аумағында жасырынып жүрген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланды. Бүгінгі күні Мехтиев Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында.

1 желтоқсанда автобус иесі Ташкентте ұсталғаны туралы хабарланды. 

18 қаңтарда таңғы 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында жолаушылар автобус өртенді. Самар - Шымкент тасжолының 1068-шақырымда Kassbohrer маркалы екі ярусты автобус өртенген. Оның ішінде 57 адам болған. Оқиға салдарынан Өзбекстан Республикасының 52 азаматы қаза тапты, тағы бес адамның денесі күйіп қалған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная