ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2021 | 18:26
"583 400 теңгеге дейін айыппұл". Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймағында заңсыз митингілер мен шерулерге шақыратын жазбалар таратып жатыр. Осыған байланысты, Бас прокуратура митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған жаңа заңмен ретелетінін айтып үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймағында заңсыз митингілер мен шерулерге шақыратын жазбалар таратып жатыр. Осыған байланысты, Бас прокуратура митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған жаңа заңмен ретелетінін айтып үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл заң елде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді жеңілдетеді. Нақты айтқанда, жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған. Оларды өткізу туралы хабарлама белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде беріледі.
"Жаң жобасында бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың жеке деректері көрсетіледі.
Хабарламаны жергілікті атқарушы орган тіркеген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарауы қажет. Осы 3 күн ішінде жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізуге құқылы",- делінген хабарламада.
Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі. Ол үшін ұйымдастырушы жиын өткізілетін күнге дейін 10 күн бұрын өтініш беруге, ал жергілікті атқарушы орган ол бойынша 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті.
Заң бойынша бейбіт жиналыстар қатаң түрде арнайы жерлерде және қалалық, аудандық мәслихат белгілеген маршрут бойынша ұйымдастырылуы және өткізілуі қажет.
"Егер бұл әрекеттер азаматтар, ұйымдар, қоғам немесе мемлекет құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Ол 200 АЕК мөлшердегі айыппұл немесе түзеу жұмыстары не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді",- делінген Бас прократура хабарласамында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также