5G біз білетін әлемді өзгертеді

5G біз білетін әлемді өзгертеді

Бұл күндері Алматыда өтіп жатқан Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 ауқымды халықаралық конференциясына мыңнан астам қатысушы жиналды. Іс-шарада күннің басты тақырыптарының бірі - көптен күткен және жалпы қоғамның, оның ішінде бизнестің өмірін өзгертетін 5G технологиясын енгізу мәселесі талқыланды. Бұл тақырыптың ауқымы, спикерлер айтып өткендей, әлдеқайда кең.

Бұл күндері Алматыда өтіп жатқан Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 ауқымды халықаралық конференциясына мыңнан астам қатысушы жиналды. Іс-шарада күннің басты тақырыптарының бірі - көптен күткен және жалпы қоғамның, оның ішінде бизнестің өмірін өзгертетін 5G технологиясын енгізу мәселесі талқыланды. Бұл тақырыптың ауқымы, спикерлер айтып өткендей, әлдеқайда кең.

5G - бүгінде қолданыстағы байланыс желілерін жақсартып қою ғана емес. Бұл көптеген салалардағы компаниялардың бизнес-модельдерін жаңғыртуға мүмкіндік беретін сапалы жаңа технология. Телеком-конференцияда тарифтер, цифрлық білім беру және оның Қазақстанға пайдасы, қоғамның жаңа цифрлық әдеттері мен жасанды интеллекттің дамуы, әйелдердің IT саласында бизнес құру мүмкіндіктері жайы айтылды.

Реклама
Реклама

Қазақстанға енді ғана кіріп, бейімделу кезеңінен өтіп жатқан 5G желісі - инновация алаңы деп бекер айтылмаған. Бұл - деректерді жеткізудің жаңа жылдамдығы ғана емес. Ол жақын арада ақылды қалаларды, ұшқышсыз көліктерді және автоматтандырылған өндірісті қуаттайтын болады.

Былтыр елімізде фрилансерлер саны 1 миллион 49 мың адамға жетті. Бұл Қазақстандағы жалпы қызметкерлер санының 17%-на тең. Аталмыш цифрландырудың қарқынды даму көрсеткіші ел экономикасына, оның ішінде бизнестің түрлі нысандарына бірдей серпін беріп отырғанының тағы бір дәлелі болса керек. Осы істе көп фактор мобильді интернет жылдамдығына байланысты. Осы орайда сарапшылар 5G желісін енгізу қажеттілігіне баса мән беріп отыр. "Кcell" АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков атап өткендей, тұрақты және жылдам өзгерістердің уақыты келді.

"Қысқа раундтардың" уақыты келді. Ішкі орта өзгеруде, ол барлық дерлік салалардағы бизнестен дереу жауап беруді және икемділікті талап етеді. Жаңа технологиялар өмірімізге ешкімнен рұқсат сұрамай-ақ, дендеп еніп жатыр. Бұл ретте, біз телекоммуникация индустриясынан не күтеміз? Бастапқыда кезіккен қиындықтарға қарамастан, 5G жақын болашақта мейнстримге айналмақ. Аса маңызды жобаны ірі қалалар мен облыс орталықтарында енгізу арқылы бизнестің жаңа түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік туады. 5G байланысымен қамтылған төрт ірі қаладағы жүздеген орындар қазірдің өзінде ақиқатқа айналып отыр", - деді ол.

Ал 5G Kcell жобасының директоры Магомедгирей Катиевтің айтуынша, қыркүйекте 5G технологиясы бойынша FWA өнімін шығару жоспарланып отыр.

"Бұл талшықты оптикаға әлі қол жеткізбеген абоненттер үшін оптикаға ұқсас және одан да жоғары жылдамдықтағы радио желісі арқылы үйдегі интернетке қол жеткізуге жақсы мүмкіндік. Біз роутерді жалға беруді жоспарлап отырған жоқпыз. Тариф бойынша ай сайынғы төлемді төлеу жеткілікті. Сымдарды тартудың, қабырғаларды бұрғылаудың қажеттілігі болмайды. FWA-ның артықшылығы сол. Роутерді пәтерге немесе үйге орнатсаңыз болғаны, барлық отбасы мүшесі үшін Интернетті пайдалана аласыз", - деп атап өтті сарапшы.

Бұл сонымен қатар бизнеске де ашылған мүмкіндік. Өйткені, "пәтерлік" позицияны сол шағын бизнестің кеңсесіне немесе шеберханасына дейін кеңейтуге болады. Жаңа технология шағын және орта бизнес сегментінің қарқынды дамуына мүмкіндік береді. Атап айтсақ, ішкі бизнес-процестердің өзі әлдеқайда жылдам цифрланатын болады. Сонымен қатар, ол қосымша маркетинг құралдарын пайдалануға сеп болмақ. Мұның қиял еместігін форум қатысушылары да қолдап отыр.

Осы орайда, телекоммуникацияның одан әрі дамуы қомақты ресурстарды қажет ететінін түсіну де маңызды. Бұл ретте, жүктеме тек желілерге ғана түспейді. Халықтың алшақ орналасу, елдің географиялық ерекшелігі мен инфрақұрылымын ескеру қажет. Ал бұл мәселеде операторлар мен мемлекет бірлесе жұмыс істесе игі. Өйткені, басты міндет - ел тұрғындарын сапалы және қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету.

Tengrinews
Серіктестік материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама