6-8 маусымда ауа райы күрт өзгереді: Астана мен Алматыға арналған болжам

6-8 маусымда ауа райы күрт өзгереді: Астана мен Алматыға арналған болжам Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 6, 7 және 8 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 6, 7 және 8 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

6 маусымда күн райы құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.

Жарнама
Жарнама

7 маусымда күн райы құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.

8 маусымда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +31...+33 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

6 маусымда күн райы құбылмалы болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +23...+25 градус болады.

7 маусымда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +28...+30 градус болады.

8 маусымда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +30...+32 градус қатты ыстық болады.

Қазақстанда 40 градус ыстық пен нөсер жаңбыр күтіледі

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде циклон Қазақстанның басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын, екпінді жел соғып, бұршақ түсетінін хабарлаған болатын. 6–8 маусымда еліміздің батысында, 6 маусымда солтүстік пен оңтүстік-шығыста, 8 маусымда солтүстік-батыста қатты жауын-шашын болады деп күтіледі. Сонымен қатар шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда қатты ыстық сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама