6 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

6 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында түнде және таңертең 30 қазанда кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Реклама
Реклама

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.  

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына - 15-20 метр.

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама