6 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Камила Долаева Журналист
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысында 13 қаңтарда таңертең және күндіз кей жерлерде тұман түсіп, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 метр болады. 

Реклама
Реклама

Синоптиктер 13 қаңтарда Оралда күндіз боран, батыстан жел соғады деп болжап отыр. Екпіні секундына 18 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.

Қостанай облысында және Қостанай қаласында тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады.

Қызылорда облысында, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама