18 қараша 2019 | 17:30

60 джиптен тұратын кортежді ұстаудың мән-жайы анықталды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті 60 жол талғамайтын көліктің жүріп өтуіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті 60 жол талғамайтын көліктің жүріп өтуіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдары қызметкерлері қомақты қаражатқа қымбат көліктерді жалдаған 34 жастағы ер адамға еш айып тақпады. Полициядағылар 16 қарашада таңғы уақытта "102" пультіне қоңырау түскенін айтты. Қоңырау шалған ер адам Самал-1 ауданындағы "Арасан" саунасында төбелес болып жатқанын айтып отыр. 

Реклама
Реклама

"Полицейлер келген уақытта саунаның алдында әр түрлі маркалы 20 көліктің тұрақта тұрғанын байқаған. Тексеру барысында ШҚО-ның 34 жастағы тұрғыны көліктерді жалдағаны белгілі болды. Оның айтуынша, 11 қарашада Орал қаласына жарына келген. Олар 2008 жылы отау құрған, кәмелетке толмаған балалары бар. Қалаға келгенде ер адам әр түрлі жол талғамайтын көлікті жалдаған. Келген күні ол бес көлік жалдаған, ал соңғы күндері 20 джиптен жалдап отырған", - деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жол талғамайтын көліктердің жүргізушілері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Орал қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, сосын жіберілген. 

"Lincoln маркалы көлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты көлікті құжатсыз жүргізгені үшін әкімшілік іс қозғалды", - деді құқық қорғау органдарының мамандары. 

Полиция департаментінің өкілдері көліктерді жалдау ақысын ер адамның өз қалтасынан төлегенін айтты. Оралға келмей тұрып, ол Алматыдағы пәтерін сатқан. Ақшаның жартысын ол әйеліне жіберген, ал қалғанын өз білгенінше жұмсаған. Дереккөз мәліметінше, ол бұрындары сотталған және таяуда ғана бостандыққа шыққан. Ол әйелімен қайта жараспақ болған, бірақ жары қарсы болған. 

Оралда ер адам ажырасуын 60 көліктен тұратын кортежбен тойлаған


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram