ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2022 | 09:13
60 жастағы паражүзуші ардагерлер арасында Қазақстан чемпионы атанды
Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында жүзуден Қазақстанның төртінші чемпионаты аяқталды. Жарысқа әлемнің 6 елінен 193 спортшы қатысты. Алматы облысы Талғар ауданынан келген Шакер Смағұлов 60 жасында үздік атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі Шакер Смағұловтың жеңісі турнирдің нағыз сенсациясына айналды. Ол бірден екі қашықтықты бағындырса, тағы екеуінде күміс және қола медальдарды жеңіп алды.
"Чемпионатты ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді, көптеген әуесқой спортшылармен таныстым. Өз жетістігіме қуаныштымын, жарыс жоғары деңгейде өтті", - дейді Шакер Смағұлов.
Бұл турнир төртінші рет өтіп жатыр. Соңғы екі жылда олар коронавирусқа байланысты ұйымдастырылмаған. Биыл жарыс өз ісінің үздіктерін жинады.
Ардагерлер мен әуесқойлар арасындағы жарысқа мүмкіндігі шектеулі 10 спортшы қатысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также