604 963 теңге: Қазақстанда орташа жалақының өсімі болжанды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады. Құжатқа сенсек, үш жылдан кейін қазақстандықтар айтарлықтай көп табыс табады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2028 жылға қарай бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 604 963 теңгеге жетуі тиіс. Салыстыру үшін: 2025 жылы бұл көрсеткіш - 423 133 теңге.

Ұлттық экономика министрлігінің ресми болжамына сәйкес, Қазақстандағы орташа жалақы мынадай болады:

Реклама
Реклама
  • 2025 жылы - 423 133 теңге;
  • 2026 жылы - 500 890 теңге;
  • 2027 жылы - 554 154 теңге;
  • 2028 жылы - 604 963 теңге.

Нақты жалақы өсімі (инфляцияны есептегенде) төмен болжанған: 2026 жылы - плюс 7,6 пайыз, ал 2027–2028 жылдары шамамен 3 пайыз.

Ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады - 85 000 теңге. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі өседі: 2025 жылғы 46 228 теңгеден 2028 жылға қарай 57 405 теңгеге дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама