ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қараша 2020 | 11:12
"67 сүйегі сынған". Өзбекстанда құлдықта болған қазақстандық әйелдің оқиғасы
Қазақстандық Қызғалдақ Байсаханова 10 жылын Өзбекстан плантацияларында құлдықта өткізген. Азаптаушылардан қашып, енді отанына оралды. 2010 жылы ол Қазақстанға 67 сүйек сынығымен және екі жасар баласымен келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық Қызғалдақ Байсаханова 10 жылын Өзбекстан плантацияларында құлдықта өткізген. Азаптаушылардан қашып, енді отанына оралды. 2010 жылы ол Қазақстанға 67 сүйек сынығымен және екі жасар баласымен келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2000 жылы 23 жастағы Қызғалдақ Байсаханованы біреулер Ташкентке жақсы жұмыс бар деп шақырған. Әкеммен жиі ұрысатындықтан онымен тұрғым келмей, бірден сол жаққа барып жұмыс істеуді шештім дейді.
"Жақсы жалақы аламыз деп бес сыныптасымызбен сонда бардық. Олардың ішінде мен ғана аман қалдым.
Ташкентте бірінші күні біз қонақүйде түнедік. Түнде бізге полиция формасын киген адамдар келді, паспортты талап етті. Менің мінезім қиындау, оларға құжатты бермедім. Сондықтан олар мені Әмірліктерге жезөкшелікпен айналысуға жібере алмады. Бірақ мені белгісіз екі ер адаммен бірге сектанттарға сатты. Содан мен Өзбекстан плантациясынан бір-ақ шықтым.
Біз жылыжайда жұмыс істедік, мақта жинадық, кірпіш тасып, тас сындырдық. Шынымды айтсам, мұның бәрін еске түсіру өте қиын. Бізді ұрған кездер де болды", - дейді қазақстандық әйел.
Ал 2008 жылы қызы дүниеге келген екен.
"2010 жылы Құдай маған көмектесті. Мен олардан қашып құтыла алдым. Ташкентке жетіп, полицияға бардым. Олар мені қабылдады, бірақ баламды алып қойды, қызым олармен бірге балалар үйінде тұрды. Жеті айдан кейін біздің елшілік келіп, бізді 2011 жылы Қазақстанға қайтарды.
Мен Қаскеленге келгенде үйімде басқа адамдар тұрып жатқанын білдім. Менің әпкем өзін-өзі өлтірген, содан кейін 2006 жылы әкем қайтыс болған. Ал мені олар 2004 жылы "жерлепті", - дейді ол.
Қызғалдақ әкесіне тиесілі үйді қайтаруға тырысып, тіпті сотқа жүгінген.
Қазір қызғалдақ Байсаханова - 43 жаста, ал қызы - 12 жаста.
Қазіргі уақытта Қызғалдақ химиотерапия алып жатыр екен. Кем дегенде бір жыл ем алуы қажет.
Қызғалдаққа көмектесуге ниет білдірушілер мына телефондар арқылы хабарласа алады: +7 778 169 46 91.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также