+7 (000). Қазақстан мен Ресей телефон кодтарын бірлесіп қолданады

Midjourney

Қазақстан Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобаға сәйкес Қазақстан мен Ресей халықаралық телефон желісінің (+7) 7-аймағының нөмірін бірлесіп пайдалануды жалғастырады.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірін бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", - деп жазылған қаулыда.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Ресей мына кодтарды қолдана алады: 200-299, 300-399, 400-499, 500-599, 810-818, 820-821, 831, 833-836, 840-848, 850-851, 855-857, 860-863, 865-867, 869, 871-873, 877-880, 900-999. Мысалы, Ресейде +7 (950), +7 (904) деген нөмір қолданылады.

Қазақстанға мына кодтар бекітілген: 000 – 099, 600 – 699, 700 – 799. Мысалы, +7 (775), +7 (701).

Екі мемлекет те мына кодтарды пайдалана алады: 100-199, 800-809 және 881-899.

Қазақстан Үкіметінің қаулысына 26 қазанда қол қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная