“7-20-25“-ке қатысты алаяқтық: Астанада ипотека алуға көмектесемін деген ер адам сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
“7-20-25“-ке қатысты алаяқтық: Астанада ипотека алуға көмектесемін деген ер адам сотталды

Астанада Instagram арқылы 25 адам алданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Instagram арқылы 25 адам алданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021-2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденген 30 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.

"Ол "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсынамын" деп азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда ақшаны өз қажетіне жұмсаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

25 адам оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен. Келтірілген жалпы залал 95 миллион теңгеден асқан.

Сот айыпталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама