24 қаңтар 2022 | 14:09

"7-20-25" пен "Баспана хиттен" ипотека алғандардың төлем уақыты шегеріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

Тәртіпсіздіктер кезінде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты "7-20-25" және "Баспана хиттен" ипотека алғандардың төлем уақыты үш айға шегеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан тұрақтылық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тәртіпсіздіктер кезінде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты "7-20-25" және "Баспана хиттен" ипотека алғандардың төлем уақыты үш айға шегеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан тұрақтылық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бұйрығы бойынша төтенше жағдай әсерінен зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі бекітілген. "7-20-25" және "Баспана хит" ипотекалық бағдарламалары бойынша төлем уақытын кейінге қалдыру осы тәртіп аясында жүргізіледі.

"Төтенше жағдайға байланысты "7-20-25" және "Баспана хит" ипотекалық бағдарламалары клиенттеріне айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей, төлем мерзімі 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 90 күнге дейін кейінге қалдырылды", - делінген қордың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Тәртіпке сәйкес, банктер төлемдерді 2022 жылғы 5 қаңтардан 5 сәуірге дейінгі кезеңге кейінге қалдыруды ұсынады. Төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының несие тарихына әсер етпейтіні айтылды.

"Төлемді кейінге қалдыру үшін қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банкке өтінішпен жүгіну қажет. Өтініш электрон пошта, "банк-клиент" онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильді қосымша көмегімен немесе банк бөлімшесіне келу арқылы беріледі".

Өтініштерді қарау мерзімі 10 жұмыс күні. Өтініштер 2022 жылғы 4 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная