7-9 тамыз аралығында Қазақстанда күн ыстық болады

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

Қазақстандағы ауа райына Ресейдің солтүстік батысынан келетін антициклон әсер етеді. Еліміздің тек шығыс және батыс өңірлерінде 7-9 тамыз аралығанда күн күркіреп, өтпелі жауын жауынса, Қазақстанның басқа аймақтарында жауын-шашын болмайды деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы солтүстік пен шығыста 27-37 градус болса, оңтүстік және оңтүстік шығыста 32-39, ал батыста 30-37 градус жылы болады. Кейбір жерлерде ауа температурасы 42 градусқа дейін жетуі мүмкін. 

Айта кетейік, Қазақстанда шілде айының басынан бастап күн суытып, жауын-шашын көп болған еді. Ауа температурасының төмендеуіне Батыс Сібірден келген циклон ықпалын тигізген. Ол уақыт аралығында аптап ыстықтық батыс өңірлерде ғана сақталды. Бұл аймақтарда термометр көрсеткіші 41 градусқа дейін жетті. Бірақ, синоптиктердің айтуына қарағанда, тамыз айының ортасы жауын-шашынсыз болады. Ал айдың соңында ауа температурасы төмендейді. 

Реклама
Реклама

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама