ПОДЕЛИТЬСЯ
20 маусым 2021 | 10:07
7 адам қаза тапты: Құлжа тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысындағы Құлжа тасжолында жол апаты болып, 7 қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысындағы Құлжа тасжолында жол апаты болып, 7 қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты сенбі, 19 маусымда шамамен 18.00 мен 19.00 аралығында Еңбекшіқазақ ауданы Байсеит ауылының маңында болған. Toyota RAV-4 және Audi C4 көліктері соқтығысқан.
"Жеті адам қаза тапты: үш ересек адам (оның ішінде автокөліктердің жүргізушілері бар) және кәмелетке толмаған төрт бала. Тағы үш адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", - деді ведомство өкілдері.
Оқиға орнында жедел-тергеу қызметі жұмыс істеп жатыр. Жол апатына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
Алматы облысы Полиция департаменті жол апаты 18:15 шамасында "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолынан 134 шақырым жерде болғанын хабарлады. Қаза тапқандар ішінде 16, 13, 8 жастағы бала мен төрт айлық нәресте бар.
© instagram/taldykorganec.insta
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также