07 ақпан 2023 | 08:47

7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан басым бөлігі әлі де антициклон мен соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан тұрақсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады", - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – көктайғақ, түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай болады.

Реклама
Реклама

Астанада ауа райы бұлтты, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 10-12 градус аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыстан 8-13, найзағайдың екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 12-14 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная