23 сәуір 2021 | 18:10

72 миллион теңге айыппұл: сот ҚТК басшысы экс-орынбасарының жазасын түсіндірді

© 24.kz сюжетінен алынған кадр

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты Қазақстан тұрғын үй компаниясы (ҚТК) басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Асқарбек Өсербаевқа шығарылған үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты Қазақстан тұрғын үй компаниясы (ҚТК) басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Асқарбек Өсербаевқа шығарылған үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Өсербаевтың жылжымайтын мүлік нысандарын басқару бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін ЖШС директоры Тәжібаевтан 2 миллион 400 мың теңге пара алғанын анықтады. Пара сомасы ұстау кезінде тәркіленді. Сотталушылар кінәсін толық мойындады, тергеу жедел түрде жүргізілді.

"Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігінің санкциясы айыппұл немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Тергеуші айыптау актісінде ауырлататын жағдайлар жоқ екенін айтты. 

Заң бойынша (Қылмыстық кодекстің 55-бабы 3-бөлігі), тергеу жеделдетілген тәртіппен жүргізілуіне байланысты жаза жазаның ең жоғары мөлшерінің екіден бірінен аспауы тиіс. Яғни, 366-баптың 2-бөлігі бойынша - пара сомасының 30 еселенген мөлшерінен аспайды, 367-баптың 2-бөлігі бойынша - 20 еселенген мөлшерден аспайды. Осыған байланысты Өсербаевқа 30 еселенген пара сомасы - 72 000 000 теңге, Тәжібаевқа 20 еселенген пара сомасы - 48 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлады сот өкілдері.

Реклама
Реклама

Олар айыппұлды бір ай ішінде төлемесе, жазасы ауысып, бас бостандығынан айырылады. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Бұған дейін Қазақстан тұрғын үй компаниясы (ҚТК) басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Асқарбек Өсербаевқа пара алғаны үшін 72 миллион теңге айыппұл салынғаны белгілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная