10 маусым 2024 17:42

754 миллион теңге: Алматыда жол құрылысы барысындағы заңбұзушылықтар анықталды

Фото:depositphotos.com

Алматы прокурорлары автомобиль жолдарын жөндеу барысындағы заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокурорлары автомобиль жолдарын жөндеу барысындағы заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау бөлігінде Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізген

"Тексеру нәтижелері бойынша, құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Алматы Қалалық мобилділік басқармасына қадағалау актісі енгізілген, оны орындау үшін басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстарымен қамтамасыз еткені айтылды.

6 мамырда Жоғарғы Соттың қаулысы бойынша жеткізушілерден 754 миллион теңге өндірілгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram