18 шілде 2022 | 10:06

"77 жылжымайтын мүлік". Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкердің мүлкі тәркіленбек

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:facebook.com/bipek.kz

Forbes тізіміндегі кәсіпкер Анатолий Балушкиннің мүлкі тәркіленбек. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Forbes тізіміндегі кәсіпкер Анатолий Балушкиннің мүлкі тәркіленбек. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Балушкинге (халықаралық іздеуде, БИПЭК компаниялар тобының акционері) қатысты іс бойынша прокуратура 77 жылжымайтын мүлікті (оның ішінде "Рахман қайнары", "Нұртау" және "Порт Фортуна" демалыс базаларын), сондай-ақ 1 мың бірлік жылжымалы мүлікті соталды тәркілеу туралы қолдаухатты сотқа жолдады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Азия Авто" көлік құрастыру компаниясына қарсы шағымы бойынша шешім шығарды. Сот "Азия Авто" компаниясын мемлекетке шамамен 174 миллиард теңгені қайтаруға міндеттеді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Forbes бойынша ең бай 50 кәсіпкер тізіміне енген қазақстандық Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.

Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер қандай іс бойынша күдікке ілінгені анықталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная