04 қазан 2023 15:12

8 жыл бұрынғы кісі өлімі ашылды

Алматыда 06 қыркүйекте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилер алқасының қатысуымен кәмелетке толмаған С.В.Г. және С.М.С.-ды қарақшылық және кісі өлтіру дерегі бойынша айыптауға үкім шығарды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 06 қыркүйекте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилер алқасының қатысуымен кәмелетке толмаған С.В.Г. және С.М.С.-ды қарақшылық және кісі өлтіру дерегі бойынша айыптауға үкім шығарды.

2015 жылы наурызда азамат С.В.Г. кәмелетке толмаған адаммен алдын ала сөз байласып адамдар тобында, денсаулығына ауыр зиян келтіріп, қарақшылық жасады, сондай-ақ кәмелетке толмаған адаммен адамдар тобында пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтірді, сол арқылы кәмелетке толмаған С.М.С.-ны ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға тартты.

Сотталушы С.В.Г. кінәсін мойындамады, сотталушы С.М.С. кінәні ішінара мойындады, атап айтқанда қарақшылық жасағанын.

Реклама
Реклама

Айыпталушылардың кінәсі алқабилердің үкімімен, жасырын дауыс беру арқылы дәлелденді.

Прокурор Ж. Жұмабаева С.В.Г. - 20 жыл, С.М.С-қа - 9 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады.

Қорғаушы тарап С.В.Г.-ның кінәсінің дәлелденбеуіне, ал С.М.С-тің әрекетіне байланысты кісі өлтіруді алып тастауды сұрады.

Жасалған қылмыстың мән-жайын, оның ауырлығын, сондай-ақ жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, сот алқабилер алқасының қатысуымен дауыс беру арқылы С.В.Г. 20 жыл және С.М.С. 10 жыл бас бостандығынан айыру тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram