ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2022 | 16:12
8-қабаттан қызды қағып алған ер адамға блогер үй алып бермек
Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адамға блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) Қызылордадан үй алып бермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адамға блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) Қызылордадан үй алып бермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев 4 баланың әкесі. Қызылордада 14 жылдан бері пәтер жалдап тұрады.
"Сәбиттің туған жері Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы. Қазір бала-шағасы, әйелі Қызылордада 14 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрады. Өз үйлері жоқ. Бұйырса біз үй алып береміз", - деді блогер.
Қазір блогер @batyr_bloger өз оқырмандарымен Сәбиттің 450 мың теңге қарызын жауып беруге ақша жинап жатыр.
"Сәбит 15 күн бұрын ғана жұмыс іздеп астанаға келген. Келіншегі, бала-шағасы Қызылордада қалған. Төрт баласы бар. Басында баспанасы жоқ. Осында жігіттермен пәтер жалдап тұрып жатыр. Каспийім арестте дейді. 450 мың қарызы бар екен", - деп жазған ол Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, оқиға Нұр-Сұлтанда болған. Ер адам 8-қабаттың терезесінен құлаған қызды құтқарып қалды. Кейінірек Сәбит Шонтақбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также