8 маусымда Алматының орталық көшелері уақытша жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін бірнеше орталық көшеде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін бірнеше орталық көшеде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 және 8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.

"8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сондай-ақ, Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама