07 қараша 2023 | 14:11

857 миллиард теңге болады: Антикор мемлекетке қайтарылған мүлікті көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері Қазақстанға не қайтарылғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері Қазақстанға не қайтарылғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 айда 1500-ге жуық жемқорлық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адам әшкереленген, оның 158-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Реклама
Реклама

"Сотқа 1 мыңнан астам іс жіберілді, олар бойынша 282 миллиард теңге залал өтелді. 2021 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 миллиард теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Оның ішінде 159,8 миллиард теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті", - делінген хабарламада.

Мәселен, Австриядан 36,8 миллиард теңге, Лихтенштейннен 116,7 миллиард теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 миллиард теңге, Түркиядан 253 миллион теңге қайтарылған. Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда тіркелген жемқорлық қылмыстарға ерекше назар аударады. Жыл басынан бері өңірлерде барлығы 215 лауазымды тұлға әшкереленген, оның 137-сі басшылар.

"Жемқорлыққа ұшыраған мемлекеттік қызметшілердің ең көп саны Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарына тиесілі. Агенттік қызметіндегі басым бағыт превенция жұмысы болып табылады", - делінген хабарламада.

Есепті кезеңде әртүрлі салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 180-ге жуық талдау және мониторинг жүргізілді. Оларды жою бойынша 1 500-ден астам ұсыныс енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында Антикор 38 миллиард теңгеден астам шығындардың алдын алды. Еліміздің облыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде жалпы бюджеті 2,44 триллион теңге болатын 156 әлеуметтік нысан белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная