01 қараша 2024 | 09:10

9 баланың анасы 20 жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай жүрген

Фото: Polisia.kz

Полиция көпбалалы анаға құжаттарын ресімдеуге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция көпбалалы анаға құжаттарын ресімдеуге көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттің 39 жастағы тұрғыны Наталья – Ресей Федерациясының тумасы. Ол 1998 жылы анасымен бірге Қазақстанға келген. Алайда 16 жасқа толғаннан кейін тұрақты тіркеудің болмауына байланысты құжаттарды уақтылы ала алмаған.

Шымкент полициясының көші-қон қызметі "Сана Сезім" үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, әйелді азаматтығы жоқ адам деп танып, тиісті құжаттарды алуға көмектесті.

Реклама
Реклама

"Кейін Наталья өзінің күйеуі – Қазақстан азаматымен ресми түрде некеге отырды. Бұл оған жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуға өтініш беруге мүмкіндік сыйлады.

Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға және "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңға сәйкес 2024 жылы ол азаматтыққа қабылданып, жеке куәлік алды. Наталья күйеуімен бірге тоғыз бала тәрбиелеп отыр. Қазіргі уақытта көпбалалы ананың барлық құжаттары тиісті түрде ресімделген", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная