9 мамырда мемқызметкерлер ардагерлерді құттықтай ма?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мемлекеттік орган қызметкерлері 9 Мамыр қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бара ма, деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"75 жылдыққа қарамастан, бірінші кезекте Қазақстанда карантин екенін түсінуіміз керек. Төтенше жағдай кезінде қолданылатын нормаларды ескере отырып, әкімдік өкілдері карантин іс-шараларын барынша өткізеді", - деді Әукенов Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Оның айтуынша, әкімдік өкілдері карантиндік шараларды сақтай отыра, ардагерлерге барады.

Реклама
Реклама

"Екінші жағынан, әрине, іс-шара өте маңызды, осыған байланысты барлық ҰОС ардагерлеріне Мемлекет басшысының атынан мерейтойлық медальдар мен құттықтау хаттарын тапсыру көзделген. Сонымен қатар, азық-түлік себеттері беріледі", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама