19 ақпан 2024 | 14:33

"90-жылдар қайта келген бе?" Полиция жолдағы кикілжің видеосына қатысты пікір білдірді

видео кадры

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы жолда түсірілген видео тарап жатыр. Онда екі көліктің ауыр жүк көліктердің жүруіне қалай кедергі келтіріп жатқаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы жолда түсірілген видео тарап жатыр. Онда екі көліктің ауыр жүк көліктердің жүруіне қалай кедергі келтіріп жатқаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы жазбада "бандиттер жүк көліктерін осылай тоқтататыны" айтылған. "90-жылдар қайта келген бе?" – деп сұрақ қойған автор. Видеода "Оңтүстік Қазақстандағы заңсыздық" деп жазылған.

Реклама
Реклама

Жазбаға Жамбыл облысының Полиция департаменті жауап берді.

"Осы факт бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Toyota Alphard көлігінің жүргізушілерін анықтады. Екі жүргізуші де төтенше жағдай туғызғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ведомство берген пікірде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная