ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2021 | 13:54
91 жастағы Бибігүл Төлегенова вакцина алғаннан кейін жағдайын айтты
Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова вацина алғаннан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Almaty.tv" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова вацина алғаннан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Almaty.tv" телеарнасына сілтеме жасап.
Бибігүл Төлегенова "Спутник-V" вакцинасының екі компонентін де алған. Ол вакцинаның екінші дозасын 14 мамырда салдырғанын айтты.
"Мен 14 мамырда вакцинаның екіншісін салдырдым. Құдайға шүкір еш жерім аурыған да жоқ, ештеңе сезгем де жоқ", - деді Бибігүл Төлегенова.
Сондай-ақ, танымал опера әншісі "қазір елдегі жағдай қиын екенін айтып, бүкіл халықты жұмыла отырып вакцина алуға" шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Бибігүл Төлегенованың "Спутник-V" вакцинасын салдырғаны хабарланған болатын. Бұл туралы журналист Тұрсын Қалимова facebook-тегі парақшасында жазған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также