07 сәуір 2023 | 13:06

95 азамат қайтарылған. Қазақстандықтар қай елдерден экстрадицияланды?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Бас прокуратура өкілдері қазақстандықтар қай елдерден экстрадицияланып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура өкілдері қазақстандықтар қай елдерден экстрадицияланып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде кейінгі үш жылда іздеудегі тұлғалардың саны 5 мыңнан 2,5 мыңға дейін, яғни екі есеге төмендегені атап өтілді.

Бүгінде 284 адам аса ауыр, 1553 адам ауыр, 574 адам орташа және онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатыр.

2023 жылдың басынан бері іздестіруге жарияланған 684 адамның 473-і ұсталды, бұл - 70 пайыз", - делінген хабарламада.

Ресей, АҚШ, Түркия, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинадан бүгінде елге 95 азамат қайтарылған.

Реклама
Реклама

"Бұл қылмыстық қудалау органдарының үйлестірілген қызметі, іздестіру дерекқорларының күнделікті мониторингін ұйымдастыру және прокурорлық тексерулерді жүргізу, сондай-ақ халықаралық әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде мүмкін болды.

Ұйымдық және құқықтық шаралар кешенінен басқа, қылмыскерлерді ұстау үшін цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Бет-әлпетті танудың отандық алгоритмі жасалды, оның көмегімен 20-дан астам күдікті анықталды", - делінген хабарламада.

2022 жылдан бастап іздестіру жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін "электрондық іздестіру журналы" жүйесі іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар, кеңесте проблемалық мәселелер, оның ішінде шет мемлекеттердің аумағында қылмыскерлерді ұстауға тартылған полиция қызметкерлерінің штат санын көбейту, сондай-ақ іздеудегі адамдардан іс жүргізу шығындарын өндіріп алу қажеттігі айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная