07 мамыр 2022 13:22

98 жастағы ҰОС ардагері қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Полицияда қызмет еткен 98 жастағы ҰОС ардагері қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицияда қызмет еткен 98 жастағы ҰОС ардагері қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қамбар Сәрсенов 1924 жылы Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Күнтимес ауылында дүниеге келген. 1942 жылғы тамызда 17 жасында Меңдіқара аудандық әскери комиссариатынан Қызыл әскер қатарына Орал әскери округінің 3-жеке оқу бригадасының мерген мектебінің курсанты болып шақырылған.

1943 жылы маусымда жас сарбаз Калинин 4-соққы әскерінің 19-атқыштар полкінің, содан кейін 1-Балтық және 3-Белорус майдандарының алдыңғы қатарында болған. 1944 жылдан бастап 51-Қызыл тулы 30-жеке барлау ротасының, Суворов орденінің, Витебск атқыштар дивизиясының құрамында қызмет еткен.

Реклама
Реклама

Беларусьті, Латвияны, Литваны, Польшаны, Кенинсгберг қаласын азат еткен. Соғыстың соңғы айларында тағы 2 рет жараланып, Кенинсгбергте Жеңіс күнін қарсы алып, кейін Польшаға жіберілген. Содан кейін 3 рет жараланған адам ретінде демобилизацияланған.

1947 жылы аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Қамбар Әмірұлы Алматыдағы КСРО ІІМ үш жылдық офицерлік мектебінің курсанты болған.

1950-1980 жылдары ІІО-да кіші лейтенанттан полковникке дейін, қатардағы жедел уәкілден Қазақстан ІІМ мемлекеттік күзет қызметі басқармасының бастығына дейін қызмет еткен. 1980-1997 жылдары Алматы қаласының стратегиялық нысандарын күзету бойынша азаматтық қорғаныс жүйесінде жұмыс істеген.

Отанға қалтқысыз қызмет еткені және борышын үлгілі атқарғаны үшін полковник көптеген наградамен марапатталған, ол - "КСРО милициясының үздігі" төсбелгісінің кавалері. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі 2 орденімен, II және III дәрежелі "Даңқ" ордендерімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Кенингсбергті алғаны үшін" медальдарымен наградталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram