Абаев әлеуметтік желілердегі ақау жайлы: Менде проблема болған жоқ

© Тұрар Қазанғапов

?аза?станны? а?парат ж?не коммуникациялар министрі Д?урен Абаев 2 ж?не 3 ?ырк?йек к?ндері ?леуметтік желілерге кіруде кедергіге ?шырама?анын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2 және 3 қыркүйек күндері әлеуметтік желілерге кіруде кедергіге ұшырамағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетесек, 2 қыркүйекте түнгі уақытта WhatsApp мессенджері істен шыққан болатын. Астана мен Алматы, Қарағанды және басқа қалалардың тұрғындары бір-біріне хабарлама жібере алмай қалғанын айтқан. Ал 3 қыркүйекте кешкі уақытта Instagram мен WhatsApp жұмыс істемей қалған. 

Журналистердің 2 және 3 қыркүйекте Қазақстан территориясында әлеуметтік желілерге кіруде шектеулердің бар-жоғы жайлы сұраққа ол ешқандай да кедергісіз әлеуметтік желілерге кіре алғанын айтты. 

Реклама
Реклама

"Бұған қатысты пікір білдіру қиын, себебі өз басымда ешқандай да проблема болмады. Ақау барлық қазақстандықта болды деп ойламаймын", - деді Абаев Парламент палаталарының біріккен отырысының үзілісінде.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама