ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2019 | 10:57
Абақтыда Қанат Тезекбаевтың шашын қырып алып тастаған
Хрург Қанат Тезекбаевты уақытша ұстау изоляторында шашын алып тастаған. Бұл туралы оның жары Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты. Ер адам алты күн бойы қамауда болған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Хрург Қанат Тезекбаевты уақытша ұстау изоляторында шашын алып тастаған. Бұл туралы оның жары Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты. Ер адам алты күн бойы қамауда болған.
"Ол №18 тергеу изоляторында болды. Осыған дейін ол екі күн бойы экономикалық тергеу департаментінде болған. Ең сорақысы, ол шыққан кезде оның шашын қырып алып тастағанын көрдік! Сұмдық жағдай. Менің жолдасым моральдық тұрғыдан сынып қалды. Бұл алты күн тозақта өткендей болған", - деді хирургтың жары Дина Тезекбаева.
Толығырақ TengriTV вдеосынан тамашалаңыздар.
Алматы қаласының № 4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаевты 20 қыркүйекте ұстаған. Сондай-ақ, анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қамауға алынған болатын. Бұл жағдай Алматы қалалық полиция басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтанның өлімінен кейін болған. Ер адам квадроциклмен жол апатына ұшыраған. Кейінірек ол Германиядағы жеке килникада қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также