ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2020 | 14:06
Абақтыдағы бұрынғы вице-адмирал коронавирус жұқтырды деген ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде тергеу изоляторында отырған Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов коронавирус жұқтырды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде тергеу изоляторында отырған Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов коронавирус жұқтырды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Елордадағы тергеу изоляторында отырған Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов COVID-19 жұқтырды. Өте өкінішті", - делінген Facebook желісіндегі жазбада.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, тергеуге алынып, қамауда отырған Жандарбек Жанзақовтың ПТР-тест қорытындысы COVID-19-ға теріс нәтиже көрсеткен.
"23 маусымда Жандарбек Жанзақовта өткір респираторлы вирустық инфекция белгілерінің пайда болуына байланысты, әрі EC-166/1 (СИЗО) Нұр-Сұлтан медициналық бөлімшесінде денсаулығының нашарлағынына шағымданғаннан кейін, COVID-19 вирусқа ПТР-тест тапсырған.
Сараптама қорытындысы сол күні зертханаға жіберілді. Зертхана жұмысының уақытша тоқтатылуына байланысты тест сынамасының нәтижесі 17 күннен кейін, яғни, 2020 жылдың 9 шілдесінде алынды", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 25 маусымда тергеу изоляторы басшылығының бастамасы бойынша Жандарбек Жанзақов Нұр-Сұлтандағы емханаға жеткізілген. Онда ол флюорографиядан өткен, өкпесінде ешқандай өзгерістер байқалмаған. Кейін оған дәрі-дәрмектер тағайындалды.
"Ол емді толығымен қылмыстық атқару жүйесінде алды. Мекемедегі медицина қызметкерлері оның денсаулығын бақылауға алды. 8 шілдеде Жандарбек Жанзақов ПТР-тестіні қайта тапсырды. Тест теріс нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда оның денсаулығы қанағаттарлық. Бұл мәліметті Жанзақов та растады. Оның денсаулығына шағымы жоқ", - дейді қылмыстық атқару жүйесінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері.
Айта кетейік, Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов 18 мамырда сотталған еді. Оған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды. Соттың үкімі бойынша Жанзақов 6 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды.
Показать комментарии
Читайте также