Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемсыйлық иелері анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алғандар:

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

Реклама
Реклама

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы - "Абыз Әбіш" зерттеуі үшін;

Ақсұңқар Серікке, ақын - "Көкейімде Күлтегіннің жазуы" өлеңдер жинағы үшін;

Есім Ғарифоллаға, жазушы - "Ғұлама-наме" трилогиясы үшін;

Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы - "Ұлы Дала әдебиеті" тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;

Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын - "Достояние души" өлеңдер жинағы үшін;

Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург - "Сарра" драматургиялық шығармалар жинағы үшін;

Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы - "Періштелердің өлімі" прозалық шығармалар жинағы үшін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама