Абай Жүсіпов Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы болып Абай Жүсіпов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы болып Абай Жүсіпов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақтөбе облысы Департаментінің бастығы қызметіне Абай Жүсіпов тағайындалды. ІІМ басшысы полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастығын таныстырды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Абай Жүсіпов 1978 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2003 жылдан бастап қызмет атқарады.

Реклама
Реклама

Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымында жұмыс істеген.

2018-2020 жылдары Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болған.

2020 жылдың наурызынан бастап ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама