05 мамыр 2023 | 09:51

Абай облысы әкімі Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстанның 25 қаласы арасында өмір сүру сапасы жөнінен Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстанның 25 қаласы арасында өмір сүру сапасы жөнінен Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, қандай критерийлер бойынша есептеулер жүргізілгенін және бұл қалай анықталғанын білмеймін. Екіншіден, біздің қала жоғары тұрған кейбір қалалардан кем емес. Бұл кем дегенде. Бірақ, біз біреуден жақсымыз деуден аулақпыз. Бізге бұл өте жақсы, мейірімді қызмет болуы мүмкін. Біз "минус бірінші қабаттан" бастадық, сәл кейінірек қайда болатынымызды көрейік. Бәрі қарапайым ғой. Біздің құлайтын жеріміз жоқ. Мен өз қызметкерлеріме, бәріне, бұған ренжудің қажеті жоқ деп айттым. Мен бұған жақсы қараймын. Бұл біздің бастапқы орнымыз! Бірақ бір жылдан кейін тағы да 25-орында деп айтса, онда ойланатын нәрсе болады", - деді Нұрлан Ұранхаев Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін Экономикалық зерттеулер институты (ERI) Қазақстанның 25 қаласы бойынша өмір сүру сапасының ұлттық рейтингін дайындаған болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная