24 қаңтар 2023 11:08

Абай облысын дамытуға 1,9 триллион теңге жұмсалады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Абай облысы әкімдігінен

Қазақстан үкіметі Абай облысын дамыту жоспарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан үкіметі Абай облысын дамыту жоспарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында 100-ден астам іс-шара бар екенін айтты.

"Бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, тұрғын үй құрылысын, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдарды дамыту, азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешу. Жоспардың жалпы бюджеті шамамен 1,9 триллион теңге болады", - деді Смайылов Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Ол Ұлттық экономика министрлігі мен облыс әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кешенді жоспардағы шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram