ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қаңтар 2024 | 17:03
Абай облысында жолаушылар бар автобус жыраға түсіп кетті
Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті. Оқиға Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде болған. Оқиғаға қатты соққан жел себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмайһ қалған, салдарынан 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кеткен. Автобус Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға түсті", - деді полиция қызметкерлері.
Полицейлердің айтуынша, қазір автобусты жырадан көтеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также