ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- Кеше 21:05
Абай облысында жүздеген құтқарушы жерден және әуеден орман өртін сөндіріп жатыр
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында ірі орман өрті сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экология министрлігі мәліметінше, 16 шілде сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 600-ге жуық адам, 148 жерүсті техникасы мен 7 тікұшақ жұмылдырылды.
"Әуеден сөндіру жұмыстары барысында 123 рет су төгу жүзеге асырылды, өрт ошағына 157 тонна су жеткізілді. Өрт қарағайлы орман алқабында болып, жер бедерінің ерекшелігіне байланысты кейбір учаскелерде төменгі өрт жоғары өртке ұласып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта орман өртін толық жою бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
ТЖМ өртпен күреске жерүсті күштері мен авиация тартылғанын хабарлады.
"Елді мекендерді қорғау және табиғи өртті жою бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр", - деп хабарлады ТЖМ.
Жағдай премьер-министр Олжас Бектеновтің жеке бақылауында.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша өрт орнына экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов барды. Ведомство басшылары жұмылдырылған күштер мен құралдардың жұмысын үйлестіріп жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу