Абай облысында көліктен түсіп, жолда билегендер жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Абай облысында көліктен түсіп, жолда билегендер жазаланды видео кадры

Абай облысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші мен төрт жолаушыны жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші мен төрт жолаушыны жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПД мәліметінше, олар бағдаршамның қызыл шамы жанғанда автокөліктен түсіп, жолдың жүріс бөлігінде би билеген. Олар заңды бұзып қана қоймай, өз әрекеттерін әдейі видеоға түсіріп алған. Бұл әрекеттер көлік қозғалысына кедергі келтіріп, өздерінің және басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа қатысқан барлық адамды жедел анықтап, бөлімшеге жеткізді.

"Жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төрт жолаушыға қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттері үшін "Ұсақ бұзақылық" бойынша айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама