05 маусым 2024 | 17:16

Абай облысында Көші-қон қызметі басқармасының басшысына қандай айып тағылғаны белгілі болды

Хабар 24 кадры

Абай облыстық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Абай облыстық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

"Ол өзінің қарамағындағылар арқылы аудандық қызметкерден өз бөлімшесіне ауысқаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу бойынша күдікке ілінді. Барлық лауазымды тұлғалар пара алу дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

20 мамырда облыс прокуратурасы қылмыстық істі сотқа берді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная