Абай облысында мұз астына түсіп кеткен бала іздестіріліп жатыр

Фото: Абай облысы ПД

Абай облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен баланы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Абай облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен баланы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

22 желтоқсанда сағат 12:54-те Үржар аудандық учаскелік полиция инспекторынан Таскескен ауылында жас баланың мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

"Ауыл шетінде орналасқан Қаракөл өзенінде мұз үстінде бес жасар екі бала ойнап жүріп, мұз сынып, балалардың бірі құлап кеткен. Жанындағы құрдасы үрейленіп, көмек сұрау үшін үлкендерге жүгіріп кеткен", - делінген өңірдің полиция хабарламасында.

Реклама
Реклама

Абай облысы ПД

"Куәгерлер оқиға орнына дереу жетіп, бір уақытта құтқарушыларды да, учаскелік полиция қызметкерін де шақырған. Баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама