Абай облысында орман екі күннен бері өртеніп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Абай облысында орман екі күннен бері өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында орман екі күннен бері өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің жалпы аумағы 1500 гектарды құрайды, құрғақ шөптер мен ағаш жанып жатыр.

Реклама
Реклама

"Қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка қосалқы шаруашылығынан 277 адамбасқа елдімекенге көшірілді", - делінген хабарламада.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде бір өрт сөндіру пойызы) және екі тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылған.

Сонымен қатар, 133 адам мен 26 техникадан тұратын Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды ​​облыстары бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарының тобы жіберілді. Қарағанды ​​қаласының әуежайынан тағы бір тікұшақ көтерілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама