13 маусым 2023 09:28

Абай облысындағы ауылдардан эвакуацияланған түлектер емтиханды Семейде тапсырады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысына қарасты ауылдардан эвакуацияланған түлектер Семейде емтихан тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысына қарасты ауылдардан эвакуацияланған түлектер Семейде емтихан тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Семейдегі үш елді мекеннен 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Елді мекендер өрттен бірнеше шақырым жерде.

"Бізге жақындап қалды, бәріміз сөмкемізді дайындап отырғанбыз. Мұнда тез жеттік. Бізді жақсы қарсы алды. Ең қажетті заттарды берді, жататын орын, тамақ, су. Қалғанының бәрі. Рақмет, әрине. Балалардың көңілін көтерді", - дейді Половинки ауылының тұрғыны Әлия Қалиахметова.

Реклама
Реклама

Семейге эвакуацияланғандар арасында 64 жасөспірім бар - 9 және 11 сынып оқушылары. Олар Семейде емтихан тапсырады. Жалпы, облыс орталығы 800 адамға дейін қабылдауға дайын. Қалада бірден тоғыз эвакуация пункті қамтамасыз етілген. Өрттің қашан сөнетінін ешкім білмейді. Тіпті төтенше жағдайлар министрі аса сақтықпен болжам айтып отыр. Облыста аптап және жел басылмай тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram