13 маусым 2023 | 08:52

Абай облысындағы өрт аумағында жоғалып кеткен ер адамның тракторы табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/abai_department_police

Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге шығып кеткен Сергей Архиповтің тракторы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге шығып кеткен Сергей Архиповтің тракторы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1987 жылы туған ер адам екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол соңғы рет 10 маусымда байланысқа шыққан.

Реклама
Реклама

Архиповтің тракторы 12 маусымда Дмитриевка ауылынан 5 шақырым жерде табылған.

"Архипов Сергей Николаевичтің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Егер сізде С.Н. Архиповтің орналасқан жері бойынша қандай да бір мәліметтер болса, 102 телефонына немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарлауыңызды өтінеміз", - дейді полиция өкілдері.

Сергей Архиповті үйінде әйелі мен екі баласы күтіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram