ПОДЕЛИТЬСЯ
15 маусым 2023 | 16:01
Абай облысындағы өрт: қаза тапқандардың отбасына Семейден пәтер берілді
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, әр отбасы 7 миллион теңге, сондай-ақ, қосымша әр балаға 2 миллион теңге төленеді. Көмекке асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ жайластырылған тұрғын үй беру кіреді. Сонымен қатар, қайтыс болғандар мен олардың отбасыларының несие жүктемесіне ықтимал есептен шығару үшін талдау жасалады.
Бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды.
"Өрттен зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз", - дейді Ұранхаев.
Қаза тапқандардың туыстары мемлекет тарапынан көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также