14 маусым 2023 | 12:40

Абай облысындағы өрт: ТЖМ өрт сөндіру барысы туралы айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртке қатысты өзекті ақпаратты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртке қатысты өзекті ақпаратты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқарушылардың айтуынша, өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен, жергілікті атқарушы органдар және Қорғаныс министрлігінен 1800 жуық адам мен 350-ден астам техника жұмылдырылған.

"Өткен тәулікте барлығы 535 рет көлемі 1 600 тоннаға жуық су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су төгу жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Абай облысындағы орман өрті шыққан ауданда әкім ауысты.

Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков "Семей орманы" алқабындағы өрттің шығуына екі рет найзағай түсуі себеп болғанын айтқан болатын. Құқық қорғау органдары Абай облысындағы жаппай өрттің себебін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная