Абай облысындағы шахтада төтенше жағдай болды: бір адам қаза тапты

Айнұр Қапышова Корреспондент
Абай облысындағы шахтада төтенше жағдай болды: бір адам қаза тапты Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Абай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болды: екі жұмысшы зиянды газдан уланған. Олардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды, екіншісіне медициналық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болды: екі жұмысшы зиянды газдан уланған. Олардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды, екіншісіне медициналық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кенішке иелік ететін компания мәліметінше, 19 наурызда таңертең Орлов шахтасының диспетчеріне ақпарат түсті. Газдан улану белгілері бар екі жұмысшы анықталған. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Екінші жұмысшыға медициналық көмек көрсетілді, жағдайы тұрақты.

"KAZ Minerals тобы Абай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болғанын терең өкінішпен хабарлайды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов шахтасына барды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама

Компания қаза тапқан жұмысшының отбасына жан-жақты көмек көрсететінін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама