ПОДЕЛИТЬСЯ
05 желтоқсан 2023 | 17:05
Абай облысындағы тасжолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, полицей қаза болды
Жол-көлік оқиғасынан полицей қаза тапты, әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жол-көлік оқиғасынан полицей қаза тапты, әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Абай облысындағы Курчатов-Семей тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Видео авторы барлығы бір минутта болғанын айтты. Көліктердің бірінің жүргізушісі басып озғаны сол еді, бір минутта оның көлігі жолда түтіндеп тұрды. Оқиға куәгері көлікте болған жәбірленушілердің бірін шығарып алғанын айтты.
"Мен көліктен шығарып алған жігіт қаза болды", - дейді видео авторы.
"Курчатов - Семей. Адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. ВАЗ-2114 пен Mazda көліктері бетпе-бет соқтығысты. ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі қайтыс болды, ол полиция қызметкері. Mazda жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", — делінген видеодағы постта.
Абай облыстық ПД оқиғаның мән-жайын айтып, марқұмның полиция қызметкері деген ақпаратты растады.
"Абай облыстық Полиция департаменті Курчатов-Семей тасжолында екі ВАЗ және Mazda көліктері бетпе-бет соқтығысқан жол апаты болғанына хабарлайды. Апат салдарынан ВАЗ-211440 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Оқиға орнынан жақын маңдағы ауруханаға Mazda жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді", - деп хабарлады Абай облыстық ПД баспасөз қызметі.
Семей Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Сараптама тағайындалды, тергеу барысы Абай облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также