Абай облысының әкімі тағайындалды

Абай облысының әкімі тағайындалды

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада. 

Семейде Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Абай облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиналысына қатысты.

Жарнама
Жарнама

Ол депутаттарға Абай облысының әкімі лауазымына үміткерлер - Уранхаев Нұрлан Тельманұлы мен Смаилов Асхат Сайдахметұлын қарастыру жөніндегі Мемлекет басшысының хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смаловты қолдады, 89 депутат Нұрлан Уранхаевқа дауыс берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама