19 мамыр 2022 | 12:02

Абай өңірінің ақсақалдары Президентке алғыс айтып жатыр

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов референдумның мән-маңызын түсіндіру үшін жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Алдымен Семей қаласында болып, өңір жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов референдумның мән-маңызын түсіндіру үшін жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Алдымен Семей қаласында болып, өңір жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерлан Қошанов жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазір елімізде ауқымды өзгерістер болып жатқанын айтып, өңір халқын Абай облысының құрылуымен құттықтады.

"Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, аумақтық жағынан, халық саны жағынан алсақ та әділ шешім болды деп ойлаймын. Ендеше, сіздерді сол тарихи әділеттіліктің орнауымен шын жүректен құттықтаймын. Біз Абай облысының шаңырағын халқымызбен, Президентімізбен бірге көтереміз. Осы істе Парламент Мәжілісі, AMANAT партиясы да сіздермен бірге болады", - деді Төраға.

Реклама
Реклама

Ерлан Қошанов ел тағдырын айқындайтын өзгерістер жалпыхалықтық референдумнан басталатынын атап өтті.

"Жаңа Қазақстан дегеніміз не? Қазір ең жиі қойылатын сұрақ осы. Президент жуырда бұған нақты жауап берді. "Ол - Әділетті Қазақстан" деп дөп басып айтты. Ал "жаңақазақстандық" қандай болуы қажет? Мұны ұлы Абай 1 жарым ғасыр бұрын айтып кеткен. Ол - бес нәрседен қашық боп, бес нәрсеге асық болуы керек. Қарап отырсаңыздар, Абай философиясы Президентіміздің "Жаңа Қазақстан" туралы көзқарасымен толық үндесіп тұр", - деді Спикер.

Мәжіліс Төрағасы Абай ауданында Қарауыл ауылы жұртшылығымен кездесті. Онда Президент бастамаларының мән-маңыздылығын түсіндіріп, ауыл зиялылары мен тұрғындарының пікірін тыңдады.

"Елімізде Қарауылды білмейтін қазақ жоқ шығар. Бұл – адамзатқа ғұлама Абайды сыйлаған қасиетті топырақ. Осында сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. "Жаңа Қазақстан" құруға бағытталған Мемлекет басшысының саяси реформалары төңірегінде өздеріңізбен әңгімелесу үшін арнайы келдім. Президент ел тағдырын қалың жұрттың өзі шешкенін қалап отыр. Осы жолды Мемлекет басшысына қолдау білдіріп, референдумға бір кісідей атсалысуға, тарихи таңдау жасауға шақырамын", - деді Палата Төрағасы.

Кездесу соңында зиялы қауым өкілдері Абай ауданы жұртшылығының алдағы референдумға атсалысатындарын және Президентке Абай облысын құруға ұйытқы болғаны үшін күллі аудан атынан шынайы алғыс айтты.

"Облысымыз құрылып жатыр. Зор мақтанышпен, үлкен үмітпен қарап отырмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына біздің сәлемімізді жеткізіңіз. Абайлықтар мен Абай ұрпақтары шексіз алғысын білдіреді. Өңіріміздің гүлденуіне бәріміз атсалысамыз", - деді Төлеген Жанғалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная